Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен кездесті.
Өңір басшысы әр қауымның жұмысымен танысып, төрағалармен әңгімелесу барысында этносаралық келісімді сақтауға қосқан зор үлестері үшін алғысын білдірді. Кездесу дөңгелек үстел басында жалғасты.
Облыс әкімі ҚХА 12 өкілі 15 наурызда Атырауда өткен ұлттық Құрылтайдың құрамына кіргенін атап өтті.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы үлкен іс-шарада біздің негізгі қағидатымыз – бірлікті сақтау қажеттілігін атап өтті. ҚХА саяси құрылымдарда, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуында үлкен рөл атқарады. Биылғы жылы қасиетті Рамазан айымен бірге масленица апталығы, сондай-ақ Наурызнаманың онкүндігі мен католиктік ораза басталды. Бұл мерекелер бәрімізді жақындастырып, ұлттық брендіміз – көпұлттылық екендігін айқын көрсетеді, - деді Құмар Іргебайұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ, облыс басшысы этномәдени бірлестіктердің қайырымдылық және ұлтаралық бірлікті сақтау саласындағы жұмысын ерекше атап өтті.