Киіз үйдегі домбыраның сазды әуені, халықтың салт-дәстүрі мен аңыздарын әңгімелеп отырған Қорқыт-ата... «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақ мәдениеті күнін мерекелеу осындай театрландырылған қойылымнан басталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Үлкен ел – Үлкен отбасы» республикалық жобасына арналған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің шығармашылық және ғылым зиялыларының өкілдері, Қостанай қаласы колледждері мен мектеп оқушылары қатысты.
- Қазақстан – шығыс пен батысты байланыстыратын маңызды сауда жолы өтетін Евразия құрлығының көне өркениетінің жері. Қазақ халқы тарих қалауымен ең құнды, рухани бай және мәдени мұраны сіңіріп, екі мәдениеттің түйіскен жерінде пайда болды, - деді қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Қалқаман Жақып. - Ата-бабаның даналығы барлық істе, әрбір ою-өрнекте де көрінісін тапты. Мысалға киіз үйді алайық. Бұл номадтардың ұлы және бірегейлі ойлап шығарған дүниесі. Әлемге белгілі ғалымдар мен өнер танушылар дала халқының ұшқыр ойына әр түрлі этнографиялық көрмелерде ең жоғарғы бағаны беріп келеді. Егер де киіз үйдің кейбір бөлшектері тозатын болса, шаңырақтан басқасының барлығы ауыстырылып отырған. Шаңырақ қазақ өмірінде ерекше рөл атқарды. Үйдегі ырыздық, бақыт, достық, дарқандық пен кеңпейілділік бәрі де осы шаңырақпен байланыстырылып отырды, сондықтан оны бұзуға және тастауға болмайды. Сонымен қатар «шаңырақ» сөзі «үй іші», «үй», «отбасы» деген мағынаны береді. Шаңырақтың Қазақстан мемлекеттік елтаңбасының ортасында болуы тегін емес, ол мемлекетімізде тұрып жатқан барлық этностардың ортақ үйін бейнелейді. Ал этностарды біріктіру және ұйымдастырудағы нығайтушы рөлі барша халықтың жаны мен игілігі болып табылатын қазақ тілінің иелігінде.
Концерттік бағдарлама аспаптық әуенмен орындалған шығармаларға толы болды. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістері орындаған әр түрлі күйлер көрермендер көңілінен шықты. «Аққу», «Дайдидау», «Жетi жек» сынды халықтың шығармаларын қобыз бен домбырада асқан шеберлікпен орындаған Батырбек және Лаура Байназаровтардың отбасылық дуэті жиналғандарға тарту етті.
- Біздің шығармашылық отбасылық одағымызға 20 жылдан асып кетті, - дейді өз әңгімесінде әртістер. – Осы жылдар ішінде біздің репертуарымыз 100-ден астам күйге толықтырылды. Біз олармен Ресейге, Украинаға, Германияға, Францияға гастрольдерге барып, көрермендер қуанышына бөлендік. Шетелдіктер өзіндік қазақ мәдениетін, оның бірегейлі әуенін, ұлттық музыкалық аспаптардың өзіне ғана тән дыбысын шексіз құрметтейді.
Концерттің соңында біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлеңіне жазылған «Елiм Менiң» әні шабыттана орындалды.
- Бұл ән өзінің бірінші орындалғанынан бастап халықтың көңілінен шығып, біздің ұлы еліміздің бейресми әнұранына айналды, - дейді «Ақжелен» фольклорлық саз ансамблінің жеке орындаушысы Манапбек Қадыров. – Бұл өлеңде Отанына, халқына деген балалық, әкелік сезімдер берілген. Сондықтан да бұл өлең жоғары бағаға ие болды.
Іс-шара соңында көрермендерге Қазақстанның этнобренді болған, қазақ халқының кеңпейілділігі мен қонақжайлылығын танытатын бауырсақ ұсынылып, дәм татқызылды.
«Қостанай облысы әкімідігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі