Қостанай облысының "Ассамблея жастары" РҚБ және Қостанай инженерлік-экономикалық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімнің мәні - университеттің облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымымен қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы тығыз өзара іс-қимылы болып табылады.
Ынтымақтастық аясында университет базасында Қостанай облысының “Ассамблея жастары" ҚБ өкілдігінің қоғамдық филиалы ашылып, бірлескен білім беру және ғылыми жобалары ұйымдастырылады, сонымен қатар, қазақстандық қоғамда толеранттылықты қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстанды өркендету жолындағы жастардың рөлі арттырылатын болады.