Іс-шара Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясымен ұйымдастырылды.
Қатысушылар - «Қоғамдық келісім» КММ қауымдары, тілдерді дамыту басқармасы, білім басқармасының өкілдері ана тілі мен мәдениетін сақтап дамытудағы этномәдени бірлестіктердің рөлін талқыға салды. Бүгінгі күні «Қоғамдық келісім» КММ-де қазақ, украйн, поляк, корей, татар, армян, неміс, әзербайжан және иврит тілдерін оқып үйренетін 9 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.
-Әртүрлі этнос өкілінің топтары өзінің тілін оқып үйренуге, олардың мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық танытқандарды тарту үшін барлық жағдай жасалған. Тілдерді оқыту орталығының сыныптары интерактивті тақталармен жабдықталған, интернетке кіруге мүмкіндігі бар, курсқа әртірлі жастағы адамдардың қатысуы қуанарлық жай,-дейді Тілдеді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов.- Әрбір этностың Жазу күндерін, байырғы ұлтқа жатпайтын өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған байқауларды өткізу дәстүрге айналған. Нәтижесінде Тілдарын деректер қорына енгізілген жаңа есімдер пайда болады. Ескеретін жайт, Қостанай облысы осы байқауды өткізу жөнінде 2006 жылы бастама көтерген және ол тез арада республикалық мәртебесіне ие болды. Біздің облыстың көптеген өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру байқауында жеңімпаз болып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Қазір олардың есімдері өңірден асып республикалық деңгейге белгілі. Эльвира Иванова мен Алла Гаврина отандық «Қазақстан» телеарнасында тележүргізуші болып істейді. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында Президент алдында қазақ және ағылшын тілін өте жақсы меңгерген Наталья Шпагина сөз сөйледі. Ол онда «Тілдарын» клубының жұмысы жайында айтып берді. Сондай-ақ, облысымызда қазақ емес 400 баладан астам мемлекеттік тілдегі балабақшалар мен мектептерге барады, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің қазақ бөлімшелерінде әртүрлі мамандық бойынша оқып жатыр.
Осыған орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова Қостанай «Тілдарын» орталығы негізінде «Балдәурен» балалар лагері базасында қазақ тілін жеделдетіп оқыту әдістемесі әзірленіп ендірілгенін және онда Қазақстанның түпкір-түпкірінен балалар келіп дәріс алып жатқандығын атап көрсетті.
-Біз екі жыл қатарынан балаларымызды тілді тереңдетіп оқыту үшін тарихи отанымыз Қазан қаласына апарып жүрміз,-дейді «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ төрағасы Ринад Бектемиров. – бұл балаларды тілдік ортаға енгізіп, олар ойын түрінде, салт-дәстүрді меңгеру арқылы тілді терең түсініп үйренуге мүмкіндік береді. Бізді қуантатын жағдай жексенбілік мектепке тілімізді оқып үйренуге басқа да этнос өкілдері келіп, тіл арқылы әртүрлі мәдениетпен танысып бойына сіңіруге қызығушылықтарын көрсетуде.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі