Chania
140
21.02.2024
Адамның ең адал досына алғыс білдіреміз...

Алғыс айту күнін атап өту қарсаңында ҚХА мүшелері облысымыздың еңбек ұжымдарымен кездесулер легін бастады.

Алғашқылардың бірі болып, Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Айтжан Кишкинтаева мен Қостанай облысының «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мурзагалиев кинологиялық қызмет орталығына барып қайтты.

Жеке құраммен танысу мақсатында сұхбат өткізіліп, Ассамблея қызметі және Алғыс айту күні мерекесінің басты қағидаттары туралы айтылды. Өз кезегінде кинолог мамандар қонақтарды төрт аяқты алғыр әріптестерімен таныстырып, қызметтегі иттердің дағдыларын көрсетті. Кездесу жылы лебіздер мен қызықты ақпаратқа толы болды.