Ұжым өзінің кезекті шығармашылық мерейтойын облыстық Достық үйінің сахнасында атап өтті.
Он жылдан астам уақыт бойы халық әндерін орындап келе жатқан солистер өңірімізде тұратын татарлар мен башқұрттардың мәдениетін сақтай отырып, сүйікті композицияларын қуана-қуана орындады.
Концерт бағдарламасында ұжымның ескі хиттері де, жаңа әндері де болды. Сүйкімді абикалардың (әжелердің) аккомпониаторы әйгілі Рудный музыканты және композиторы Владимир Иванович Лущ болды.
Ұжым башқұрт және татар мәдениетінің білгіпі Әсия Ғаббасқызы Фаизованың бастамасымен құрылған. Өз қызметі үшін ансамбль бірнеше рет дипломдармен марапатталып, қалалық байқаулар мен фестивальдердің гран-при иегерлері атанды.
Ансамбль әлі де шабытын жоғалтпай, қатысушыларының жасына қарамастан, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық іс-шараларында өнер көрсетуге тырысады.