Chania
991
14.09.2016
«Жанұя» үшін жеміс себеті

Отбасы күнімен және Құрбан айт мерекесімен «Жанұя» отбасы түріндегі балалар үйі тәрбиеленушілерін Қостанай облысының «Шарк» тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері құттықтады.
Міне 13 жыл қатарымен қоғам төрағасы Эргашвой Холметов және Абдукахор Сафаров және Фатох Восиев белсенділері қамқорлықтағы балаларына келіп қана қоймай Тәжікстаннан әкелінетін күздің тәтті сыйлықтарын сыйлайды.  Қарбыз, қауын, жүзім, алма, алмұрт, қараөрік, шабдалыны тәрбиеленуші ауылының барлық 48 баласы алды. Ұлдар мен қыздар үлкен рақаттылықпен жүзім мен қараөрікті жеді.
Жаңа піскен жемістерден басқа біз балалар үшін қыс мезгіліне дәрумендер қорын әкелдік – кептірілген жеміс, шырындар, нәрсу, консервіленген көкөністер. Маған осы балаларға  қуаныш сыйлап, өзімнің жан дүнием мен жүрегімнің бір бөлігімен бөліскім келеді. Әр баланың өмірі ойдағыдай қалыптасып, өз жолын тауып, өз кәсібін таңдап, сәтті және дос отбасын құрсын дегім келеді. Мен өзім көп балалы отбасында дүниеге келдім, біздің отбасымызда жеті аға-сіңілі болды,  қасында көп ағайындылардың болуы қандай бақыт, олардың махаббатын, қамқорлығы мен  назарын сезіну қандай бақыт десеңізші деп, - қауым төрағасы  Эргашвой Эрматович айтып кетті.

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі