Дөңгелек үстелде қауым басшылары мен олардың орынбасарларының кездесуі болып өтті, онда Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімен өткен сұхбаты басты тақырып болды.
Әңгіме барысында, іс-шара қатысушылары президенттің негізгі тезистерін талқылады. Тарихи атаулы күндерге, Наурыз-мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасына қатысты жеке пікірлерін білдірді.
Кездесу нәтижесінде Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар мен ойларды, әсіресе бейбітшілік пен келісімді, жалпыұлттық құндылықтарды: бірлік, ынтымақтастық, кәсібилікті сақтауға бағытталған жұмыстарға қатысты қолдау білдіруге бірауыздан шешім қабылданды.