Құрметті қостанайлықтар!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024-жылмен құттықтайды!
Жаңа жыл – әр отбасы үшін ерекше мереке. Бұл бақытты сәттерге үміт беретін, жаңа бастамалар мен жетістіктерге жетелейтін мейрам.
Кетіп бара жатқан жыл Қазақстан халқының әлеуметтік бірлігін нығайтудың маңызды кезеңіне айналып, Ұлы Даламыздың тарихы жаңа қырларымен жарқырап, барлығымыз бірлесіп қоғамдық сананы жаңғырту жолында тағы бір елеулі қадам жасадық.
Еліміздің қайта құрылу үрдістеріне тікелей ат салысу - біздің ортақ міндетіміз. Нағыз қазақстандық құндылықтарға – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке құрмет көрсетудің үлгісін көрсетуіміз керек. Тек сол арқылы ғана біз ортақ жетістіктеріміз бен табыстарымыздың кепілі болып қызмет етіп келеміз.
Құрметті достар!
Жаңа 2024 жылдың қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Ендеше, барлықтарыңызға күш-қуат, сенім, зор денсаулық, таусылмас қуат және игі істер атқаруда сәттілік тілеуге рұқсат етіңіздер.
Жаңа жыл қарсаңында тілеген барлық арман-тілектеріңіз орындалсын.
Жаңа жыл қуанышты сәттерді еселеп, жанұялық ошақтың оты айналаңыздағыларға тек жылулық сыйласын!
Құрметпен, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы