Қостанай облысының Белорус қауымының белсенділері «Жизнь на ладони» қайырымдылық жобасының дәстүрге айналған жаңа жылдық іс-шарасына ат салысты.
Бүгін «Костанайские новости» редакциясында өз қажеттіліктеріне осы газет арқылы қаржылай көмек жинап жатқан балалар келді. Биылғы жылы оларды келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтау үшін белорус қауымдастығының өкілдері жиналып, қол ұшын созды.
Бес бүлдіршінге сыйлықтар алдын-ала сатып алынды, олар сыйлық ретінде қандай зат алғылары келетінін өз хаттарында жазып кеткен болатын. Біз оларға тәтті сыйлықтар да сатып алдық, өйткені Жаңа жыл қарсаңындағы тәтті сыйлықтың орны бөлек!
Балаларға арналған барлық сыйлықтарды белорус қауымының төрағасы Евгений Сотников пен ЭМБ белсендісі Кристина Орленко сомдаған нағыз Аяз ата мен Ақшақар тарту етті.
Балалар үшін биылғы мереке сиқырлы және өте қуанышты басталғаны сөзсіз!
фото Сергей Миронов