Chania
830
26.08.2016
«Қызметтестік және құру»

Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды. 1 қыркүйек – Білім күні қарсанында Қоғамдық келісім кеңесі дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, өңірдің дәулетсіз отбасыларының балаларына мектеп формасын және кеңсе жабдықтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады.  
Сондай-ақ Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ОҚХА хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова және «Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы атынан төраға Кенжібек Укин арасында өзара түсінушілік және қызметтестік туралы меморандум жасалынды.  
- Біздің ұйымдар арасында бірыңғай іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, естелік кештер, акциялар, диалог алаңдарын, патриоттық форумдар өткізу бұрыннан жолға қойылған. Осы меморандум арқылы ұлттық бірлік үрдісі кезінде тарихқа және аға ұрпаққа деген құрметімізді нығайту қажеттілігін негізге ала отыра біз қызметтестікті нығайтып жаңа даму деңгейіне шығуға бел будық,- деп облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатщылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова атап кетті.  

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі