Қостанай облысының мектеп оқушылары "Мың бала" республикалық жобасында үздік атанды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі Астана қаласында болып өтті.
Рудныйдан келген Анастасия Мухитова мен Науырзым ауданынан келген Никита Тимошенко "Өнерлі - өрге жүзер" номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ, балаларға smart-сағаттар мен құлаққаптар табысталды.
"Мың бала" жобасы жас ұрпақ арасында, оның ішінде өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған.