20 тамызда Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония залында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған, сондай-ақ достық пен бірлік құндылықтарын насихаттайтын «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акция жалғасының нышаны болып табылатын Кавказ мәдениетінің екінші республикалық фестивалі өтті.
- Шын мәнінде фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. «Бирлик» азербайжан қауымының ықыласы бойынша ол бастамасын 2012 жылы алды. Үш жыл бойы фестиваль өңірлік деңгейде өткізіліп келді, былтырдан бастап республикалық мәртебеге ие болды. Осы уақыт ішінде Қостанайға кавкав қауымының өкілдері Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ РФ Челябі және Тюмень қалаларынан қонақтар келіп кетті. Биыл осы іс-шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ тапсырысы бойынша «Бiрлiк» азербайжан қауымымен іске асырылуда, - деп облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова айтты.
Іс-шара басталмас алдында филармонияның залында сәнді-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды, оған тек тұрмыс заттары ғана емес, сондай-ақ ұлттық киім, музыкалық аспаптар, суреттер, фотолар кірді. Фестиваль өткен ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанға Кавказ халқын жер аудару туралы шағын-фильммен басталды, онда қазақ халқына деген алғыс сөздер айтылды: «Шексіз, селеулі дала секілді қазақтардың кең адамгершілігі сол қара жылдары көптеген кавказ этностарының сақталуына және аман қалуына көмегін берді. Қазақстан қоныс аударушылар үшін баспана, тамақ берген және жылытқан екінші отанға айналды».
Биыл Қостанайға өздерін көрсету үшін Астана қаласынан («Халкъан Барт» шешен-инғұш қауымы және «Вайнах» шешен-инғұш қауымының ансамблі мен «Асса» лезгинка мектебі) және Павлодар қаласынан («Кабардино-балкар ұлттық-мәдениет орталығы» және «Эльбрус» Карачаево-черкесский ҰМО), төрт шығармашылық ұжым келді. Сондай-ақ өз өнерлерін жергілікті «Эребуни» армян ЭМБ, «Бiрлiк» азербайжан ЭМБ және «Ахыска» түрік ЭМБ әртістері көрсетті.
Әр ұжым қостанайлық көрерменді таңқалдырып, ду қол шапалақтарға ие болды. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамнан артық болды, олар екі сағат бойы көрермендерге әсерлі би мен Кавказ туралы лирикалы өлеңдер сыйлады. Фестивальдің барлық өкілдік тобы гравертон және дипломдармен, естелік мүсіншемен, тәтті шоколад жиынтықтарымен марапатталды.
- Біз Қостанайға келгенімізге қуаныштымыз және келесі жылы қандай нөмір әкелетінімізді қазірден жоспарлап отырмыз. Қостанайлықтарды біз ұнатып қалдық, сондай-ақ бұл фестиваль Кавказ этносының мәдениетін насихаттау үшін тамаша алаң, - деп «Вайнах» ансамблінің басшысы Ханифа Мациева атап кетті.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі