Chania
160
24.10.2023
Республика күніне арналған мемлекеттік наградалар

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара аясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Қоғамдағы өзара келісімді сақтау, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен "Возрождение" неміс этномәдени орталығының төрағасы Сергей Иванович Блок марапатталды.

Қазақстан халқы бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық ұлтжандылықты нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды:

- Ким Ульяна Львовна, Қостанай облысы корей этномәдени орталығының төрағасы;

- Жансугурова Альмира Бағытқызы, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты.

Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, ізгіліктің гуманистік мұраттарына дәйекті қызмет етуге, рухани дамуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды :

- Лескова Лилия Гербертовна, "Возрождение" Қостанай облыстық неміс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің Лисаков филиалының басшысы;

- Насыров Ринат Русланович, «Сібір казактарының Қостанай орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының жастар мәселелері жөніндегі орынбасары, «СЕВЕР» Қостанай страйкбол клубы» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Белсенді азаматтарымызды лайықты марапаттарымен, Республика күнімен құттықтаймыз!