Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жас жұбайларға Республика күнін мерекелеу қарсаңында шаңырақ пен ақ орамал тарту етті.
Акцияның басты кейіпкерлері болу мүмкіндігі Макар мен Аружан Рабченюктерге бұйырды. Жастар бес жыл бұрын “Жасыл елде” бірге қызмет атқарып жүрген кезде танысқан. Олар ұзақ уақыт бойы кездесіп, осы жазда үйлену тойларын қазақ салт-дәстүрлері бойынша өткізген екен.
Ал енді заңды некеге тұру шешімін қабылдаған
Рабченюк отбасын облыстық Аналар кеңесі де құттықтады. Айтжан Кишкинтаева көпбалалы ана, тәжірибелі ене ретінде ерлі-зайыптыларға батасын беріп, кішігірім сыйлықтар табыстады. Отау иесі Макарға шаңырақ ұсынылып, Аружанның иығына ақ орамал салынды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан біз Рабченюк отбасын некелерімен құттықтай отырып, алтын тойға жетулеріне тілектеспіз!