Қостанай облысының орыс қауымы қостанайлықтар жақсы көретін, дәстүрлі болған «Алма мерекесі» театрландырылған қойылымын өткізді.
«Алма мерекесі» - алма жинау мерекесі, оны қызу дайындаудың басталуы. 19 тамыз күні шіркеулерде жаңа өнімнің жемісі дәріптеледі.
-Бұл уақытта алма ғажайып қасиеттерімен ерекшеленеді: алманы тістеп тілек тілесең, міндетті түрде орындалатын болады. Халықтың арасында Алма мерекесін Тәңірінің кейіпін өзгерту мерекесі деп те атайды. Халық белгісі бойынша алма мерекесі күз басталғанын білдіреді. Бұл күні далада егін жинау науқаны аяқталады, содан кейін қол ұстасып әндетіп ойын ойнап, көңілді мейрам өткізілетін болған. Қыздар міндетті түрде басын гүлмен және масақпен өрген шеңбермен әсемдеген, - дейді Қостанай облысы орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев. – біз қостанайлықтарды таңғалдыру үшін жыл сайын бағдарламаны түрлендіріп отырамыз, ал мереке көңілімізден шықты.
Күлдіргіштер көрермендерді байқауларға, викториналарға шақырып, әрбір тілек білдірушілер оған қатысуға, жүргізушілерден алма мерекесінің тарихын білуге, алманың, алма тосабының, хош иісті нәрсуы мен ішіне алма салынған бәліш дәмін татуға мүмкіндік алды.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі