Этномәдени бірлестіктердің ардагерлері мен ақсақалдарын Қариялар күнімен құттықтауға аттандық
Азық-түлік жиынтықтарын ата-әжелердің үйіне дейін жеткізу ұйымдастырылды. Қарттарымыз ҚХА белсенділерін күлімсіреп, құшақ жая қарсы алды. Ұйымдастырушылар қариялардың көптеген жылы лебіздерін, баталарын алды. Кейбір ата-әжелердің көзінен мөлдіреген жас та көрінді. Сыйлық алушылар оларға назар аударғандары үшін ризашылық сөздерін аямады.