Chania
922
22.08.2016
«Олимпиадалық жаз» - «Ел рухы»

Осындай атаумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігімен ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының спорт фестивалі 18-19 тамыз аралығында Астана қаласында өтті. Әр өңірлерден 300-ден астам спортшылар қазақ күресі, таэквондо, тоғыз құмалақ, волейбол, үстел теннисі, шағын футбол және армрестлинг спорт түрлері бойынша жарысқа қатысты.
Фестиваль мақсаты және міндеттері олимпиадалық қозғалысты және рухты насихаттау, салауатты өмір салтын жылжыту, Қазақстанның олимпиадалық құрамын қолдау, қазақстандық құндылықтарды көрсету – достық, спорт шеберлігі және құрмет.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары, олимпиадалық чемпиондар, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, Астана, Алматы қалалары, облыстардың спорт командалары, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Назарбаев Университеті алдындағы алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, фестиваль қонағы, Олипиадалық ойын жүлдегері, жүзгіш В.А.Абоимов және классикалық күрес бойынша олимпиада чемпионы Ю.В.Мельниченко құттықтау сөздерімен  ашылу рәсімін өткізді. Барлық жарыстар Назарбаев Университетінің спорт кешенінде өтті.
Қостанай облысының спортшылары жеті спорт түрінің төртеуіне қатысты.    Жігерлі тартыста команда мүшелері Боканов Әбіл (74 кг), Рыздыков Мереке (82 кг) және Гербер Максим (100 кг артық) салмақта қазақ күресінен қола медалін жеңіп алды.  Сондай-ақ Максим көрермендер көңілі үшін кубокқа ие болды. Армрестлинг бойынша жарыста үшінші тұғыр сатысына 80 кг. жоғары салмақ категориясында біріншілікті Азия чемпионы және әлем чемпионына берген Руслан Хусаинов көтерілді.
Тоғыз құмалақ және үстел үстіндегі теннис жарысы да қызу өтті.
Тоғыз құмалақ шеберлері Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстары командаларын алдыға жіберіп төртінші орынға ие болды, ал теннисшілер  11 команда ішінен алтыншы орынға ие болды. .
Нәтижесінде біздің облыс 16 команда ішінен жалпы командалық 8 орын алды.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі