Әскери қызмет – абыройлы!
Облыстық Достық үйінде Қостанай қаласының қорғаныс істері басқармасының өкілдері студенттермен кездесу өткізіп, әскери қызметтің беделі жөнінде баяндап берді.
Татар және башқұрт этносының жастары, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің білім алушылары ҚР Конституциясының 36-бабын түсіндіру бойынша дәріс тыңдады.
Подполковник Қарлығаш Молдахметова мен аға сержант Нұрпейісова Адия балалармен өздерінің әскери мансабының тарихымен бөлісіп, жастарды әскери міндет саласындағы конституциялық борыш пен заңнаманы орындауға ұмтылуға шақырды.