Chania
190
02.10.2023
Жастарымен кездесу

Қыркүйек айы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін жастармен кездесу айы болды.

Қостанай әлеуметтік-гуманитарлық колледжі мен Рудный индустриалық институтының студенттері үшін өңірдегі этносаралық келісімді сақтау тақырыбы бойынша екі үлкен кездесу өткізілді. Балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жаза туралы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ медиа сауаттылық негіздері жөнінде ақпарат түсіндірілді.

Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіліп тұрады.