Chania
161
29.09.2023
Облыстық Аналар кеңесінің «Сырғалым» жобасы аяқталды

Өскелең жастарға арналған ұлттық салт-дәстүрлер, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар туралы облыстық Аналар кеңесінің «Сырғалым» жобасы аяқталды.

Жобаның соңғы кездесуі №22 ОМ оқушыларымен өткізілді. Қыздарға салт-дәстүрлер туралы мағлұмат беріліп, ұлттық әшекей-бұйымдарды қолдана отыра шаш өру, дастархан басында шай құю рәсімін қалай өткізу керектігі көрсетілді. Кездесу болашақ ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі туралы әңгімемен аяқталды.

Жоба жұмысының 6 айы бойы облыс орталығының 8 мектебінен 500-ден астам қыз бала қамтылды.

https://www.instagram.com/p/CxxgEnBNK3j/