Chania
166
26.09.2023
"Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы

Облыстық Аналар кеңесінің "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы Меңдіқара ауданына бару сапарымен аяқталды.

Спикерлер Первомайское және Михайловское ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, жеке психологиялық және заңгерлік кеңестер жүргізді.

Жоба аясында барлығы 4 сырттай іс-шара: Қамысты, Денисов, Меңдіқара аудандары мен Б.Майлин ауданында жүзеге асырылды. Консультативтік көмекпен 200-ден астам әйел қамтылды.