Chania
149
11.08.2023
Этномедиация және кәсіби келіссөз жүргізушілер

9-11 тамызда «Қоғамдық келісім» КММ-де «Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсіл» атты үш күндік семинар-тренинг өтті.

Басты мақсат-өңірде этносаяси менеджмент және этноконфликтологиялық мониторинг саласында құзыреттерді қалыптастыру.
Кім қатысты?
- этномәдени бірлестіктердің өкілдері;
- қоғамдық медиаторлар;
- Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері;
- ХҚКО-ның өкілдері;
- әкімдердің орынбасарлары және қала мен аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары;
Спикер ретінде кім болды?
- «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ директоры, медиатор- жаттықтырушы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА медиация кеңесінің мүшесі Гүлмайдан Урозбаева;
- Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Диана Есенова.

 

https://www.instagram.com/p/CvzPf69tBOJ/