2023 жылғы 31 шілде – 4 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Медиация күнін мерекелеу шеңберінде (5 тамыз) Медиация апталығын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу көзделген. Іс-шараның мақсаты - ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын және қызметi Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру.
Медиация апталығында халық арасында сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғам игілігінің кепілі» челленджі өтеді.
4 тамызда сағат 10.00-13.00 аралығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің ашық есік күні» республикалық акциясы Қазақстан Республикасы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-де өтеді. Қостанай облысы (Достық үйі, Алтынсарин к-сі, 115). Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қостанай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, сот және құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының және нотариустардың өкілдері, түрлі деңгейдегі депутаттар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысады: Аналар, ақсақалдар, ҚХА бөлімі, «Ассамблея жастары» ҚБ, медиаторлар, ҚХА волонтерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге мүдделі азаматтық қоғам өкілдері.
Сауалнаманы толтыруды сұраймыз, сіздің жауаптарыңыз қоғамның медиацияға деген қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdXFpi-LXzWDMkPb9PrHwOXLKfIVpJOuvgmzCkSROjZdvuBvA/viewform