Қостанай облысында осындай атаумен республикалық жоба бастамасын алды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлованың айтуынша осы жоба біздің республикамыздың әрі қарай дамуына үлкен үлесін тигізетінің айтты.
- Болашағы Біртұтас Ұлт – бұл үлкен ел және үлкен отбасы, әр азамат, әр қазақстандық өзінің орнын, қызметін және маңызын осы жерде таба алады деп, - Гүлвира Жазитқызы деп атап кетті.
- Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 100 қазақстандық этностың шамамен 100 қайталанбас ерекшелігі бар және олар біздің біртұтас ұлтымыздың бірегейлігі. Бізде әр этнос өзінің өмір оюын, басқа этностың мәнеріне байланыстырады. Және бәріміз бірегей, түрлі түсті, баға жетпес Ұлы тарихты атаумен – Қазақстанды құраймыз!
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қорғамдық келісім» КММ өкілдері облысымыздың әр аудандарында Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптама тобы және медиаторлар ассоциациясын қатыстыру арқылы «Этносаралық және конфессияаралық қатынаста қоғамдық келісім, толеранттылық мәдениет қалыптастыру» және «Қазақстан Республикасы аймағында медиацияны дамыту туралы» тақырыбы бойынша секциялық сабақтар, жаттығулар ұйымдастыруда.
Аудандық мәдениет үйлерінде этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өздерінің өнерлерін көрсетіп, «Ассамблея тұлғалары» және «Біз – бір ел балалары» атты көрме ұйымдастыруда.
«Үлкен ел – Үлкен отбасы» сияқты маңызды жобаның маңыздылығын және қажеттілігін, өзінің мысалдарын келтіру арқылы жеткізіп жүрген біздің спикерлерді, әртістерді әр өңір жылы қабылдайды. Болашағы үлкен ел, үлкен отбасы туыстық көзқарас, достық, өзара көмек, бейбітшілік, келісім және қолдау құндылықтарымен өмір сүруі керек. Жаңа жалпыұлттық жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының ойын жалғастырушы және дамытушы болып табылады деп, - «Қостанай облысы әкімдігінің «Қорғамдық келісім» КММ басшысы Қ. Сандыбаева айтып кетті.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі