Қазақ ұлттық аспабын сыйға тарту бойынша дәстүрге айналған акцияны Домбыра күніне орай Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Кеше таңғы сағат 4:40-та дүниеге келген Артем Гайдук өзінің алғашқы сыйлығына ие болды. Бұл Арқалық қаласында тұратын отбасындағы үшінші бала. Облыстық перинаталдық орталықта «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Қалқаман Хасенұлы Жақып музыкалық аспапты табыс етті.
Тағы бір сыйлық «СарыарқаАвтоПром» ЖШС облыстық Аналар Кеңесінің сертификаты болды. Оны Аналар кеңесінің мүшесі, «Агромашхолдинг» АҚ, «Сарыарқа Автопром» ЖШС өкілі Ирина Рошко табыс етті.
Жаңа туған нәрестеге мереке құрметіне домбыра сыйлау дәстүрі жыл сайын өткізіліп, биыл бесінші рет жүзеге асып отыр.