Облыстық Ассамблея аталмыш іс-шараны алғашқы рет өткізіп отыр. Биылғы жылы өз туған күндерін бірден бес ЭМБ атап өтеді: «Эребуни» армян қауымы, еврей, украин қауымдастықтарына 30 жыл, орыс қауымына 25 жыл, «Шарк» тәжік-өзбек қауымдастығына 20 жыл.
Осы мерейтойлардың құрметіне басқа облыстардан келген этномәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен үлкен форум өткен болатын. Тәжірибе алмасып, әріптестерін құттықтау үшін «Ван» армян этномәдени орталығының төрағасы (Астана қ.), Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР ІІМ ардагері Саак Салумян, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Владимир Витченко және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Мария Татаренко келді.
Форумда мерейтойлық қауымдастықтардың төрағалары сөз сөйледі, осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстар мен болашаққа жоспарлар туралы сөз қозғады. Келген қонақтар да өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум соңында этномәдени орталықтарға жылы лебіздер айтылып, алғыс хаттар табысталды.