Chania
168
08.06.2023
Аналарға көңіл бөліңіз

Қостанай облысы ҚХА Облыстық Аналар кеңесінің өкілдері Денисов және Қамысты аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Аналардың рухани тәрбиесі мен жан-жақты дамуына бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Денисов ауданына қарасты Антоновка ауылы мен Қамысты ауданының орталығында болды.

Кездесу барысында әйелдерге Аналар кеңесінің қызметі, жұмыстың қыр-сырлары, отбасымен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістері, атқарылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы айтылып, аудандық Аналар кеңестерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған жеңілдік бағдарламалары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында әйелдер заңгер көмегіне тегін жүгінуге мүмкіндік алды.