Chania
933
24.06.2016
Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясы өтті

Іс-шараның құрметті қонағы Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова болды. Оған сыйлық және құрмет грамотасын ұсына отырып, Архимед Бегежанұлы оның Таран және Қостанай аудандары бірінші хатшысының міндетін атқару кезінде Қостанай облысының қалыптаса бастауы мен дамуына қосқан зор, баға жетпес үлесін, осы жерден ҚазСРО Жоғары Кеңес Президиумына қызметке ауысқанын айтып кетті.   
- Қостанайлықтар сізді ұмытқан жоқ, әсіресе құрметпен және жылы сөздермен сіз басқарған аудандар ой-пікірлерімен бөлісуде. Күзде өңірлерде Қостанай облысының 80 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді, - деп Архимед Мұхамбетов айтып кетті.  
Вера Васильевна әкімге алғысын айтып, тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы туралы авторлық кітабын табыс етті.
- Мен қостанайлықтарға ризамын, осы жерден алғашқы қадамдарымды бастап мансапқа жеттім, 1976 жылы мемлекетке астық тапсыру бойынша жоспарды асырып орындаған үшін Социалистік Еңбек Ері атағын алдым. Кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы менің көз алдымда данышпан Нұрсұлтан Әбішұлы басшылығымен құрыла бастады. Мен осы жылдар өте келе бұл институттың өсіп, нығайып, қанаты қатайып, жоғары деңгейге жеткеніне қуаныштымын, - деді Вера Сидорова.
Вера Васильевнадан басқа, осы күні лайықты наградаларын тағы бірнеше адам алды. Облыс әкімі «Бірлік» алтын медалін «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченкоға және Прибалтика халқы ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Сергей Якушевичке табыс етті. Қазақстан халқы бірлігін, қоғамдық келісім және қазақстандық отаншылдықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысының құрмет грамоталарымен «Бирлик» азербайжан ЭМБ төрағасы Видади Юсубов және «Надея» поляк ЭМБ төрағасы Виктор Радомский марапатталды. Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарына «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Раиса Завгородняя және Қостанай оренбург казактары қоғамдық бірлестігінің атаманы Виктор Чемпалов лайық болды. Облыс әкімінің грамотасымен «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаеваны қоса алғанда алты адам марапатталды.
ОҚХА хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова 2015 жылдың жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Барлық іс-шаралар ҚХА 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, ұлы Абайдың 170 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы шеңберінде өтті.  
- Осы мерзімде түрлі іс-шараларға 300 мыңға жуық адамдар қатыстырылды. «ҚХА – 20 игі ісі» атты республикалық жобаны іске асыру аясында  этномәдени бірлестіктерімен және бизнес өкілдерімен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы, соғыс ардагерлеріне және тыл еңбекшілеріне, балалар үйі және интернат тәрбиеленушілеріне, дәулетсіз отбасыларына 569,7 млн. теңге сомасында мақсатты бағытталған көмек көрсетілді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде емге мұқтаж науқас балаларға көмек беруге бағытталған ҚХА «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы жарияланды. Акция рәмізі дәстүрлі «Қоржын» болды, оны қостанайлықтар 15 млн. жуық сомаға толтырып, ауыр науқас 30 балаға көмектесті. Үлкен және белсенді жұмысты ғылыми-сараптама тобы, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі жүргізуде, - деді Гүлвира Құдайқұлова.
Соңғы көрсетілген кеңес төрайымы – Шушаник Саркисян сессияда «Достық картасы» атты сайтын таныстырды, онда өз мәселесімен бөліскен әр мұқтаж адамға көмек беру қарастырылған.  
- Тек осы жылдың төрт айында облыстық Іскер әйелдер ассоциациясы қолдауымен көп балалы отбасыларына және мүгедек отбасыларына 1 млн. теңгеге жуық материалдық көмек көрсетілді, - деп Шушаник Вагановна айтып кетті.
Тағы қызықты ойымен Таран ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ирина Сероус бөлісті:
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Таран тұрғындары – «Қазақстандық патриотизмнің рәміздері» атты әлеуметтік жобасын бастаймыз, ол қоғамды біріктіруге бағытталған.  Ол үшін арнайы карта әзірленді, аудандық газет арқылы әр тұрғын Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен байланысты, өзі үшін ең маңызды рәмізді ұсынады. Осы барлық ақпарат талқыланып желтоқсан айына дейін дайын болады.
«Бирлик» әзербайжан қауымы жанындағы жастар қанатының басшысы Зульфия Набиева Қахақстан Президентінің тапсырмасына бойынша «стритворкаута» насихаттау жайында айта келіп, жуық уақытта Қостанай қаласында «Көше спортының қаласы» фестивалі өткізу жөнінде ұсыныс енгізді. Оның мақсаты – есірткі, темекі, ішімдік және интернет – тәуелділігіне қарсы қойып, жастарды бұқаралық және қолжетімді спортпен қамту жолдары арқылы саламатты өмір салтын насихаттау.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі балаларды спортқа насихаттау және дене шынықтыруға қатыстыру  - мемлекеттің басты міндеті, - деп айтып келеді! Дені сау жас ұрпақ – Республикамыздың баға жетпес капиталы!


 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі