Қостанай облысы ҚХА этномәдени бірлестіктер қаламыздың №23 орта мектеп жанындағы «Балажан» жазғы мектеп алаңының ашылуына қатысты.
Көңілді түрде балалар Қостанай өңірінде тұратын түрлі этностардың салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты.
Осылайша, балалар «Бирлик» әзірбайжандық қауымдастығының алаңында лезгинка билеуді үйренді, корейлер қауымы станциясында корей барабандары туралы ақпарат алды. Балаларға Қостанай облысының украин бірлестігі мен «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдастығының өкілдері викториналар мен жұмбақтар дайындады. Ал «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» бекетінде балаларға қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтылып, бесікке салу дәстүрі көрсетілді.