Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 8 аудан, 12 кент, 20 еңбек ұжымында болды.
5 жұмыс тобы аудандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ой-мақсатын біліп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын айтып, сонымен қатар облыстық ҚХА жұмысымен таныстырды.
Әр делегация мүшелері еңбек ұжымдарымен тілдесіп, мемлекеттік рәміздердің тарихын білуге арналған викториналар өткізіп, жалаушалар, магниттер және кілт сақиналары түріндегі естелік сыйлықтар табыс етті.
Этномәдени бірлестіктер мен консультативтік-кеңесші органдардың өкілдері Рудный қаласында, Сарыкөл, Меңдіқара, Ұзынкөл, Қостанай, Федоров, Қарабалық аудандарында және Б.Майлин ауданында болды.
https://www.instagram.com/p/Cs_07ZwtDyk/
https://www.instagram.com/p/Cs_3fOGNHTW/
https://www.instagram.com/p/CtDzpJBrL6g/
https://www.instagram.com/p/CtEErUtASfP/