Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен азаматтық қоғамның басқа өкілдері бірге қатысты.
Акция барысында облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, сонымен қатар «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Любовь Киколенко сөз сөйледі, ол Қазақстан жеріне неміс халқының жер аударылғандағы тарихы туралы өзі шығарған өлеңін оқып, барлық жиналған қауымды толғандырып, бей-жай қалдырмады.
Жазықсыз қаза тапқан миллиондаған қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін ескерткішке гүл шоқтары қойылды.