Красный Партизан шағын ауданы және Дружба ауылдарынан келген бүлдіршіндер, Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған бейімдеу орталығы және Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамының тәрбиеленушілері Балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық қуыршақ театрының қонақтары болды. Керемет актерлер балаларды Шарль Перроның ертегі әлеміне саяхатқа жетелеп, барлығының сүйікті «Қызыл телпек» ертегісін көрсетті.
Спектакльдерден кейін барлық балаларға «Tassay» суы және Қостанай облыстық «Возрождение» неміс мәдени орталығының төрағасы Сергей Иванович Блок басқаратын «Милх» ЖШС-нің атынан балмұздақтар сыйға тартылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысының белорус қауымы балаларды тасымалдауға арналған автобустарды ұсынғаны үшін Брунер ЖК алғыс білдіреді.