Chania
182
26.05.2023
33 томдық Жинақтың тұсаукесері өтті

Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары. ХХ-ғасырдың 20-50 жылдар» 33 томдық жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік комиссияның мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлы, Қостанай облысы архивтерінің құжаттары жинақталған жинақтың 18-томының құрастырушылары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер қатысты.