4 мамыр күні Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Рудный қаласында РИИ базасында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыхалықтық патриоттық диктант өтті. Диктантқа 50 ден астам білім ордасының студенттері қатысты.
Диктант өткізу мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант аяқталған соң, студенттерге ҚХА жайлы викториналық сұрақтар қойлып, сыйлықтар берілді.