Екі сағатқа «Керуен» саябағы алуан түрлі этностардың музыкасы, мәдениеті, дәстүрлері мен қолөнері тоғысқан мекенге айналды. Шағын аудан тұрғындары үшін шаттыққа толы іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Мұнда жиналған қауым самауырынды дұрыс тұтатуды үйреніп, сүйкімді өзбек қыздарының қолынан хош иісті шай ішумен қатар, ұлттық үлгідегі қоржын тігуді, асық ойнауды, лезгинка билеуді үйреніп, сүйікті әндерін еске түсіре алды.
Қостанайлықтарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев те келіп құттықтады. Ол жиналғандардың барлығына зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім тіледі.