Chania
934
08.06.2016
ҮНДЕУ
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері Ақтөбе қаласында 5 маусымда жасалған қылмыстық іс-әрекеттерін қатаң айыптайды.
Қостанайлықтар көршілес облыста орын алған қылмыстық іс-әрекеттерді терең жан күйзеліспен қабылдады.
Біз зардап шеккендерге және қаза тапқандардың туған-туысқандарына қайғысысына ортақтасып, адал көңілімізді білдіреміз.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында болған қарулық шабуыл – қылмыс аса қатыгездікпен жасалды. Бұл лаңкестік акт – қоғамға қарсы шығу, біздің азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіру. Өкінішке орай, лаңкестік бүкіл әлемге қауіп-қатерін тигізуде.
Осы сияқты экстремистердің әрекеттеріне қатал тойтарыс беруіміз қажет деп есептейміз.
Бүгінгі күні әрқайсымыз қырағылық пен тыныштық сақтауымыз қажет.
Біз Қазақстанды зор табыстарға жеткізген Елбасының және оның бейбітшіл саясатының төңірегінде бірігуіміз керек.
Қазақстан халқы біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісімді тұрақсыздандыруға жол бермейді деп сенеміз!

Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы

2016 жылғы 8 маусым