Chania
870
06.06.2016
Құрметті отандастар!

Сіздерді мүбарак Рамазан айының келуімен  және Ұлы мұсылмандардың ауыз бекітуі – Оразамен шын жүректен құттықтаймыз!

Алла Тағалаға көптен күткен Рамазан айында ас пен судан, ұрыс-керістен және бос сөзден, өсектен, пайдасыз істер мен әбігерліктен бас тартуға, діни уағыз айтуға, діншіл әңгімелер мен діни істер жасауға, ал оразаның көмегімен тәнімізбен бірге ең бастысы ой - пиғылымызды тазартуға, Исламға, өз Отанымызға адал қызмет етуге  бізге тағы да бір мүмкіндік бергені үшін әрқашанда алғысымыз шексіз.

 Алла Тағаладан баршаңызға қуаныш, тыныштық пен шаттық, отбасыларыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат тілейміз!

Құрметпен,
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы