Chania
179
07.04.2023
Сұлулық пен аналар күні

«Эребуни» армян қауымдастығы дәстүрге айналған көктем мерекесін биыл… орыс драма театрында атап өтті!

Этномәдени орталықтың нәзік жандыларын әдеттегідей әнмен, бимен емес, спектакль көрсетіп, құттықтады.

Іс-шара жарқын армян биімен ашылып, мерекеге этникалық сән берді. Кейін, сахнада қауым төрағасының орынбасары Сергей Григорян әйелдерге алғысын білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.

«Пока она умирала» спектаклінде өзінің жасына және жалғыздығына қарамастан, өз бақытын тапқан екі әйелдің оқиғасы баяндалды. Қойылым соңында залдағы барлық ханымдарға сыйлық ретінде қызыл раушандар табысталды.

 

https://www.instagram.com/p/Cquwxd_OhEd/