Chania
982
01.06.2016
Мәңгі есімізде сақталады

Қостанайда саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті.
Дәстүрлі митинг Жеңіс саябағында 31 мамыр күні өтті, онда 2003 жылы саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылған болатын. 
Ұмытылмас митингке кәсіпорын, саяси партия басшылары, жазаланғандардың балалары және туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жастар ұйымдарының өкілдері келді.
Біздің елде саяси құғын-сүргінге 100 мың адам тартылды, оның 25 мың адамы ату жазасына белгіленді. Сол жылдары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сияқты жетекшілер, қоғамдық зиялылардың және т.б. өмірі қиылды, деп - облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтып кетті.
- Бүгін бүкіл ел бойынша Саяси құғын-сүргін құрбандары күнін атап өтуде. Сол 30-жылдары Қазақстанға 1,5 миллион адам қоңыс аударды, оның 800 мың адамы немістер, 19 мың адам кәрістер, 507 мың адам Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері. Қазақстар олардың тілін түсінбесе де барлықтарын жылы қабылдады. Адамдар соңғы нанымен және киімдерімен бөлісті. Біз өткен уақыттың сабақтарын ұмытпауымыз керек. Қазір біз тәуелсіз елде, бір шаңырақ астында, біздің дана және көреген саясаткер Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында тұрып жатырмыз.  
Жазаланған отбасының қызы,облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Изольда Кравец сол қиын жылдары оның туысқандары көрген қиыншылықтарды айтты.
- Мен неміс отбасында туып өстім, неміс автономиясынан жер аударылып келдік. Сол жылдардың оқиғасы есімде қалды. Өз тілімізде сөйлесуге тыйм салынды, артық жүруге болмайтын, менің үлкен әпкеме неміс болғандықтан алтын медаль бермеді. Бірақ ата-анамыз осы барлық қиыншылықты жақсы істермен жауып жүрді. Олар қазақ халқының жақсылығын, соңғы нанынмен бөліскенің айтып отырды. Барлық тежеулер алынғаннан кейін, біз қазақстанды тастап кете алмадық, ол бізге туған елдей болып қалды.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі