Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы көктемнің ең басты мерекесі - Наурыз мейрамын атап өтті.
Этномәдени бірлестіктердің төрағалары киіз үйде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты кең дастархан басында қарсы алып, оған қолдау білдіріп, мерекемен құттықтады.
Көрші киіз үйде «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ белсенділері орналасып, шай беру рәсімін көрсетіп қана қоймай, шай мен бауырсақтан дәм татқызды.
Бұл мезетте көшеде этномәдени бірлестіктердің әртістері шырқаған әндермен, билермен, көңілді интерактивпен концерттік бағдарлама болып өтті.
Облыстық ҚХА-мен бірге 4 сағаттың қалай зымырап өткені байқалмай қалды! Баршаңызға керемет мереке сыйлағандарыңыз үшін көп рақмет!