Chania
190
11.03.2023
Қостанайда K-Pop фестивалі болып өтті

Дәстүрге айналған би байқауын Қостанай облыстық корей қауымының белсенділері өткізді.


К-рор жанкүйерлері 11 наурыз күні Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығының алаңында билерімен жарысып, бақ сынасты. Өз өнерлерін бірден 14 жас топ қатысушылары көрсетті.
Этномәдени бірлестік төрайымы Ульяна Ким атап өткендей, биылғы жылы фестиваль Наурыз мерекесіне орайластырылып, қатысудың басты шарты - сахналық костюмде міндетті түрде қазақ ою-өрнектерін пайдалану болды.


Кейбір қатысушылар қазақтың ою-өрнектерін келбеттеріне салып, кейбіреулер ою-өрнектері бар бас таңғыштар киді, ал біреулер өз бейнесін ұлттық әшекейлермен толықтырды.  Қазылар алқасы костюмдегі ең үздік ұлттық қазақ элементі үшін ең жас биші арулар - Moon тобын атап өтті.


Сахнада педколледжден келген бір ғана кәсіби ұжым - Magic jump өнер көрсетіп, фестивальді ашқан болатын.
Іс-шара шамамен екі сағатқа созылып, ондаған, тіпті жүздеген көрермендердің назарын өзіне аударды. K-pop фестивалінің қорытынды кезеңі осы жазда болып өтеді.