А.Байтурсынова атындағы ҚӨУ гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафердасында «Бүгінгі қыз — болашақ ана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бүгінгі қыздарымыз ертеңгі инабатты келін, асыл ана, салихалы әже болатыны табиғат жолынан белгілі.
Әйел — шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні салтанаты.
Қостанай облысы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы, Қостанай қаласы бойынша «Ұлы дала ұрпақтары», «Қазақ аналар - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестіктің мүшелері және кафедра оқытушылары студенттермен кездесіп, қойған сұрақтарына жауап беріп, аналық, әжелік кеңестерін айтты. Қыз бала тәрбиесі, қазіргі заманның өзекті мәселесі, жан сұлулығы мен тән сұлулығы, қыз балаға қырық үйден тыйым және т. б. осы жайында әңгіме қозғалды.
Ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ұрпақ жауапты, ал, ертеңгі ұрпақтың мықты болып жетілуіне бүгін біз жауаптымыз...