Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінің студенті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқауда үздік болып алға шықты.
Бүгін, 7 наурызда Достық үйінің қабырғасында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Халық Аруы-2023» байқауының финалы болып өтті.
Өзге ұлт өкілдері болып табылатын колледждер мен жоғары оқу орындарының сегіз студенті қазақ мәдениетін таныстырды. Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша «Халық Аруы-2023» болып Мария Любрицкая таңдалды. Қазылар алқасының барлық мүшелері болашақ заңгер аруымыздың шынайылығы мен ашық мінезін атап өтті. Сондай-ақ, Мария «Instagram аруы» номинациясында да жеңіске жетті. Оған 2656 адам дауыс берген болатын.
Қатысушы қыздар келесі номинацияларды иеленді:
«Зерделі ару» - Юлия Овчинникова
«Кербез ару» - Зарина Аниськина
«Әсемдік аруы» - Камилла Жданова
«Өнерлі ару» - Айна Баймухамбетова
«Салт-дәстүр аруы» - Виктория Миронычева
«Жаңашыл ару» - Виктория Грушевая
«Даналық аруы» - Анна Арефьева
Барлық қатысушыларға сыйлық сертификаттары, ұлттық әшекейлер, атаулы күнтізбелер, "Қазақбренд" фирмасының қазақ ұлттық тәттілері мен гүл шоқтары табысталды.