Chania
198
03.02.2023
«Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы

3 ақпан күні Достық үйі қабырғасында «Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы болып өтті.

Оған этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сондай-ақ қаламыздың оқушылары мен студенттері қатысты.

Акцияның басты мақсаты - тараптардың қақтығыс деңгейін төмендету мәселесі бойынша өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.

Келген қонақтарға тегін кеңес берілді:

- Қостанай облысы ҚХА медиация кеңесінің мүшесі, медиатор, мектеп медиациясының маманы - Гүлнар Латыпова;

- психолог, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ психология кафедрасының аға оқытушысы - Роза Жанғалиева;

- «Қостанай облысының медиация орталығы» тренер-медиаторы - Марат Татиев.

Іс-шара барысында барлығы 26 кеңес өткізілді.