Chania
235
22.12.2022
Жаңа жылдық қуаныш!

Этномәдени бірлестіктердің балалары үшін дәстүрлі жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті. 


Жыл сайын жаңа жылдық мереке алдында Достық үйі әр түрлі этностардың балаларына есігін айқара ашып, қарсы алады. Бірге шырша айналып би билеп, барлығына жаңа жылдық сыйлықтар таратылады. 
Биылғы жылы сәбилерді Көңілді Гринч, сұлу Гринесса, Эльф пен Аққала, сүйкімді жұмсақ қоян мен көңілді аппақ қоян қуантты.   Спектакль кейіпкерлерімен бірге балалар би билеп, қызықты тапсырмаларды орындады, сабын көпіршіктер шоуын тамашалап, "ұлпа қар” астында шомылды.


Мерекеге Аяз Ата мен Ақшақар да қонаққа келіп, шырша шамдарын жақты, жасыл сұлуды ортаға алып, оның айналасында балалармен бірге би билеп, ән шырқады. Барлық сәбилерге тәтті сыйлықтар сыйлады.