19 мамыр күні Тобол ауылында «Достық қайнары» атты аудандық бірінші балалар фестивалі өтті, оған 3-11 жас аралығындағы 120 бала Таран ауданының ауылдық округтерінен келіп қатысты.
Фестиваль Таран ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы, «Балдырған» балабақшасының директоры Ирина Сероустың ықыласы бойынша ұйымдастырылды.
Іс – шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.Ж.Құдайқұлова, ОҚХА облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Р.Г.Гайсенова, «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Р.Н. Завгородняя, Таран ауданы мемлекеттік органдарының өкілдері, этномәдени өкілдері, жергілікті тұрғындар, ақсақалдар қатысты.
Фестивальге түрлі этноорталықтарының балалары қатысты – қазақ, орыс, украйн, белорус, неміс, кавказ қауымдары. Олар түрлі костюмде дефиле көрсетті. Сондай-ақ кішкентай әртістер өз этносының тілдерінде би билеп, достық туралы ән және өлеңдер айтып берді.
Мәдениет үйінің залы толы болды және балалардың сахнадағы қойылымдары ду қол шапалақтаумен өтіп жатты. Фестиваль соңында Қазақстанның көпұлттық халқы достығы туралы өлең айтылды. Бейбітшілік және достықта тұрып жатқан 100 этностан астам үшін ортақ үйді бейнелейтін шаңырақты жоғары көтеру рәсімі өтті.
Барлық қатысушыларға демеушілердің жұмсақ ойыншықтары және тәтті сыйлықтары табыс етілді.
Осындай фестиваль өңірде бірінші рет өткізілді және өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Сондай-ақ «Балдырған» тобыл балабақшасы базасында шағын-Ассамблея құруға шешім қабылданды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі