Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған кездесу Қостанай, Ақмола және Челябі облыстарынан келген сарапшылардың басын қосты.
Конференция пленарлық отырыстан басталып, онда этносаралық қатынастар саласындағы қауіп-қатерлерді және оған қарсы іс-қимыл шараларын анықтаудың жаңа әдістері қарастырылды.
Секциялардың жұмысы барысында шақырылған спикерлер халықаралық тәжірибені ескере отырып, этносаралық қатынастардың әртүрлі қырларын зерделеудің маңыздылығы туралы айтып өтті.
Қостанай облысының ғылыми-сараптамалық тобының Мемлекет тарихы институтымен және көрші елдегі әріптестерімен ғылыми ынтымақтастығын нығайту мәселесі де назардан тыс қалмады.
Конференция соңында Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелеріне, іс-шара қатысушылары мен қонақтарына алғыс хаттар табысталып, салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.