Chania
940
18.05.2016
Жан-жақты қамтитын сауаттылықты тексеру

Қостанайда мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазды. Тексеріс кезінде 80 қатысушының ішінен 20 адам «үздік», ал қалғандары «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағасын алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған диктантты республикамызда бірінші рет барлық облыстарда және аудандарда жазды. Тура таңғы сағат 11.00-де Қостанайдың Л. Толстой атындағы ОӘҒК  ықыласын білдіріп қазақ тілін білу деңгейін тексергісі келгендер «Мәңгілік Ел — патриоттық актісі» атты мәтінді жазуға кірісті.
Тексеруші комиссияға кірген филология магистрлары және жоғары оқу орындары оқытушыларының сөздері бойынша тыныс белгілері жағынан диктант қиын болды деді.  Бірақ қатысушылар қойылған міндеттеріне жетті. Олардың арасында мемлекет қызметшілері, қоғам қайраткерлері, студенттер, мектеп оқушылары, этномәдени бірлестігінің өкілдері, өзге ұлт өкілдері болды.
-  Үздіктер ішінде этномәдени бірлестігінің өкілдері де бар. Берілген тапсырманы студеттер және мектеп оқушылары да жақсы орындап шықты.  Диктантты аяқтағаннан кейін қатысушылар партадағы көршілерін тексеруге мүмкіндігі болды.
«Үздік» және «төртке» жазғандарға іс-шара ұйымдастырушылары «Қоғамдық келісім» КММ және Қостанай қ. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК алғыс хаттарын табыс етті.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі