«Бірлік» әзірбайжан қауымдастығы «Анар мерекесін» атап өтті.
Бұл мереке Әзірбайжан елінің «жеміс патшасы» - анардың піскен жемістерін жинағаннан кейін, күзде тойланады. Бұл мейрам ұлттық мереке болып саналатындықтан, әзірбайжан қауымы оны дәстүрлі түрде - достары мен жақындарының ортасында атап өтеді.
Мереке барысында қауымдастықтың дамуына сүбелі үлес қосқан этномәдени бірлестік белсенділері алғыс хаттармен марапатталды. Ресми бөлім «Шах-плов» аспаздық байқауының қорытындысын шығарумен жалғасып, онда әйелдер танымал тағамды әзірлеуден сынға түсті. Байқауға қатысушылардың барлығына сыйлықтар табыс етілді.
Мереке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының жарқын да әсем концертімен жалғасты.
https://www.instagram.com/p/CkxZGXzAQco/